«Батыс-Мұнай» ЖШС-ға салынған айыппұл кері шегерілді

Қазақстандағы Жоғары соттың  азаматтық және әкімшілік істерді бақылайтын сот алқасы «Батыс Мұнай» ЖШС-ға салынған 700 млн теңгенің айыппұлын кері қайтарды деп хабарлайды кәсіпкерлердің Аймақтық палатасының Ақтөбе облысындағы сарапшысы Руслан Құйшынов.

2014 жылы «Батыс-Мұнай» ЖШС салық ұйымдары жүргізген жоспардан тыс тексерістің шешімдерімен келіспейтіндігін мәлімдеген еді.
«Салық департаментінің мамандары «Батыс-Мұнай» ЖШС компанияға жеткізушілердің дұрыс үлгіде жұмыс істемеуіне байланысты дизельді отынды меншіктеп алды деген фактіге сенімсіздік білдірді», -деп түсіндіреді Р.Құйшынов.
2014 жылдың көктемінде  Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ( МУЭС)  тексерістерді заңсыз деп тапты.
Салық департамент бақылау шағымын түсірді. Нәтижесінде аппеляциялық алқа  мен МУЭС-тың шешімі кері қайтарылды. Өз кезегінде «Батыс-Мұнай» Жоғарғы сотқа шағым түсірді. 2015 жылдың 25 ақпанында Жоғары сот Ақтөбе облысының кассациялық алқасының үкімін өзгертіп, 700 млн теңге айыппұлды кері шегерді.
«Батыс-Мұнай» ЖШС — 2001 жылы Ақтөбеде құрылған мұнай-сервис компаниясы. Кәсіпорын мұнай-газ саласында бұрғылау және мұнай-газ құбырларын жөндеумен айналысады.