Бауыржан Сартбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Сартбаев
Фото: informburo.kz

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz – Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бауыржан Сартбаев 1966 ж. Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген. 

2000–2002 жж. ҚР қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 

2000–2002 жж. – ҚР білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 

2003–2006 жж. – «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. – Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жж. – «Номад» ЖШС директорының орынбасары.

2012–2013 жж. – «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. – ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары. 

2015-2018 жж. – ҚР ПІБ РМК директоры. 

2018-2019 жж. ҚР Ресей Федерациясындағы сауда өкілі лауазымында болды.