«Баян Сұлу» кондитерлік компаниясының табысы азайды

Қостанай. 8 мамыр. 7kun.kz — Қостанайлық «Баян Сұлу» кондитерлік компаниясының таза пайдасы 2015 жылдың І тоқсанында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеті  есеге — 182,4 млн теңгеден 26 млн теңгеге дейін төмендеді делінген кәсіпорынның қаржылық есебінде.

Салық салынғанға дейінгі компания пайдасы 4,7 есе төмендеді: өткен жылдық қаңтар наурызында — 182,5 млн теңге, осы жылдың қаңтар-наурызында — 38,6 млн теңге. Есептік кезеңде операциялық табыс шамамен екі есе төмендеп, 93,6 млн теңге болды.

Сонымен қатар «Баян сұлу» түсімі 5,4%-ға — 2014 жылдың І тоқсанындағы 3,414 млрд теңгеден 2015 жылдың І тоқсанындағы 18,671 млрд теңгеге дейін төмендеді. Кәсіпорын активтері де азайды, 2015 жылдың басында 19,356 млрд теңге болса, 31 наурыздағы жағдай бойынша — 18,671 млрд теңге. Жыл басынан төмендеу 3,7%-ды қамтыды.

Компанияның меншікті капиталы қаңтар-наурыз аралығында 13,408 млрд теңгеден 13,434 млрд теңгеге дейін артты. Сондай-ақ «Баян Сұлу» міндеттемелері алғашқы үш ай ішінде 12%-ға — 5,948 млрд теңгеден 5,237 млрд теңгеге дейін төмендеді.

«Баян Сұлу» акционерлері — KazFoodProducts (83,97%) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (8,51%).