Қостанай. 8 мамыр. 7kun.kz - Қостанайлық "Баян Сұлу" кондитерлік компаниясының таза пайдасы 2015 жылдың І тоқсанында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жеті есеге - 182,4 млн теңгеден 26 млн теңгеге дейін төмендеді делінген кәсіпорынның қаржылық есебінде.
Салық салынғанға дейінгі компания пайдасы 4,7 есе төмендеді: өткен жылдық қаңтар наурызында - 182,5 млн теңге, осы жылдың қаңтар-наурызында - 38,6 млн теңге. Есептік кезеңде операциялық табыс шамамен екі есе төмендеп, 93,6 млн теңге болды.
Сонымен қатар "Баян сұлу" түсімі 5,4%-ға - 2014 жылдың І тоқсанындағы 3,414 млрд теңгеден 2015 жылдың І тоқсанындағы 18,671 млрд теңгеге дейін төмендеді. Кәсіпорын активтері де азайды, 2015 жылдың басында 19,356 млрд теңге болса, 31 наурыздағы жағдай бойынша - 18,671 млрд теңге. Жыл басынан төмендеу 3,7%-ды қамтыды.
Компанияның меншікті капиталы қаңтар-наурыз аралығында 13,408 млрд теңгеден 13,434 млрд теңгеге дейін артты. Сондай-ақ "Баян Сұлу" міндеттемелері алғашқы үш ай ішінде 12%-ға - 5,948 млрд теңгеден 5,237 млрд теңгеге дейін төмендеді.
"Баян Сұлу" акционерлері - KazFoodProducts (83,97%) және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (8,51%).