Берлинде дұға етуге арналған арнайы кабина орнатылды

459

Берлинде дұға етуге  арналған кабина пайда болды. Оның авторы 55 жасар әртіс және режиссер Оливер Штурм. Кабинаның аумағы бар-жоғы 83 шаршы сантиметр. Қызметті тегін пайдалануға болады деп хабарлайды  bz-berlin.de.

Кішкентай ғана бөлмеде орындық, жапқыш және монитор бар. Автоматта әлемнің барлық дінінің 300-ге жуық дұғалары бар. Дұғалар 65 тілде қолжетімді. Оны қалауыңыз бойынша оқуға не тыңдауға болады.

Автордың айтуынша, бұл кез келген дін өкілдеріне дұға етуге мүмкіндік беретін алғашқы орын саналады.