Берлинде Қазақстан-Германия арасындағы іскерлік кеңес жиыны өтті

619
Фото: zakon.kz

Жиын барысында кәсіпкердің келіссөздері өтіп, «Бәйтерек» холдингі мен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының жұмыстары таныстырылды.

Конференцияда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен германиялық «Баушпаркассе Швебишь Халль» банкінің өкілдерінің ұзақмерзімді серіктестікке бағытталған біріккен жоспары да қатысушылар назарына ұсынылды.

«Холдингтің Банкке қосылуын активтер өсіміне қалай әсер ететінін жақсы білеміз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Бәйтерек» холдингінің бөлшегі болғаннан бастап, акциялардың жылдам өсімі байқалды. Одан бөлек, ұжымдық басқару мен бизнес-рәсімдерді қайта қарау арқылы банк пайдалылығын арттыруға жол ашылды», — деді «Бәйтерек» ҰБХ-нің басқарма басшысының орынбасары Ләззат Ибрагимова.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Германияның ірі құрылыс жинақ кассасы мен қазақстандық Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің арасында серіктестік жайлы меморандум жасалған болатын. Банктер арасында келісім екіжақты тәжірибе алмасуға көмектесіп, Қазақстандағы ТҰҚ жүйесін дамытуға септігін тизеді.

Аталған іскерлік кеңеске «Баушпаркассе Швебишь Халль», «Bosch», «Siemens» секілді жиырмаға жуық неміс компаниялары қатысты. Жиында айтылған тиімді ұсыныстар мен жобалар 2016 жылдың 23 маусымында Шверин қаласында өтетін сауда-экономикалық серіктестік аясындағы үкіметаралық жұмыс тобының отырысына жіберіледі.