Қ.Бишімбаев: Мемлекеттік мүлікті жекешелендіру инвестиция тартуға ықпал етеді

Астана. 11 қазан. 7kun.kz  — Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев  Үкімет отырысы барысында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқартуға бағытталған жекешелендіру  процесінің қалай өтіп жатқаны туралы мәлімдеді.

«Мемлекеттік активтерді жеке секторға беру кәсіпкерліктің  одан әрі дамуына импульс береді  және жеке бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады. Бәсекелі ортаны жандандырады және экономикаға ивенстициялар тартуға ықпал етеді»  – деді министр.

Оның сөзінше, жекешелендіруге шығарылатын 783  ұйымнан тұратын басым ірі мемлекеттік жекеменшік және квазимемлекеттік сектор меншігі объектілерінің тізімі(ТОП-65), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ –ның 173 объектісінен тұратын тізімі; 545 ұйымнан тұратын 2014-2016 жылдарда жекешелендіруге арналған тізімнің құрастырылған.

Сондай-ақ ол IPO–ға шығарылатын компанияларға қатысты жоспармен бөлісті.

«Біз жыл соңына дейін Мемлекеттік комиссияның қарауына Қордың екінші тізбесіндегі қалған 44 компания бойынша, сондай-ақ ТОП-65 тізбесінен «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Қазақстан темір жолы», «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Қазпошта», «Тау-Кен Самұрық» және «Самұрық-Энерго» сияқты Қордың ірі компанияларды IPO–ға шығарудың жол карталары бойынша ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз» — деп қорытындылады министр.

Бишімбаевтің деректері бойынша бүгінгі күнге Мемлекеттік комиссияның 5 отырысы өтті, онда Қордың 217 компаниясының 129-ы бойынша шешім қабылданды. Екінші тізімдегі 127 компанияның 59-активі жоюға, 12-сі қайта ұйымдастыруға жатады, 1-і тізімнен алып тасталды («Қайрат» ФК), 55 актив сатылуы тиіс, олардың ішінде 32-і қазірдің өзінде сатылған.