Биыл 1 сынапқа 400 мыңнан аса бала барады – БҒМ

Нұр-Сұлтан. 6 маусым. 7kun.kz – Екі айдың ішінде баланы бірінші сыныпқа қабылдау туралы 250 мыңнан астам өтініш түсті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Өтініш берген 250 мыңнан астам баланың 70,5%-ы оқу тілі ретінде – мемлекеттік тілді таңдаған.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Гүлмира Каримованың айтуынша, жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам 1 сынып оқушысы мектеп табалдырығын аттайды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 сыныпқа қабылдау туралы өтініштер 1 тамызға дейін жалғасады. Өтінішті egov.kz порталы арқылы және дәртүрлі қағаз түрінде де беруге болады.