Бизнесті қалай жүргізу керек?

Фото:UBR

Бүгінде әрбір екінші адам бизнес жасау арқылы баюды армандайды. Алайда қарапайым алғышарттарды білмегендіктен сәтсіздікке ұшырап жатады. Сондықтан бизнес арқылы табысқа жетемін дегендерге, аталмыш саладан хабары бар адамдардың ақыл-кеңестерін ұсынамыз.

Джефф Бе́зос – американдық кәсіпкер. Amazon.com интернет-компаиясының және Blue Origin ғарыш компаниясының негізін қалаушысы және басқарушысы.Сонымен қоса The Washington Post баспа үйінің иесі.

  • Егер сатып алушыларға емес, бәсекелестеріне аса қатты мән беретін болсаң бизнесін тығырыққа тірелуі мүмкін. Сіз үшін ең бастысы – сатып алушыларға не керек екенін және сіздің не бере алатыныңызды анықтап алу. Себебі біз брендті тек сапалы қызмет көрсету арқылы ғана қалыптастыруға болатынына сенеміз. Клиенттер бізбен тікелей қарым-қатынасқа түскенде ғана кім екенімізді біледі. Адам үшін абырой қаншалықты маңызды болса, компания үшін де бренд соншалықты маңызды. Бұл үрдісті адамдар да уақыт өте байқайды. Мен бренд қалыптастырудың өзге жолы бар деп ойламаймын.

Ло́уренс Джо́зеф Э́ллисон – американдық кәсіпкер. Oracle корпорациясын құрушылардың бірі және директорлар кеңесінің төрағасы. NetSuite компаниясының акционері.

  • Адам не тауарды өндіреді, не сатады. Компьютер индустриясы сән әлемінен кем түспейтін, үнемі жақын қарқынмен дамып отыратын жалғыз сала.

Билл Экман – американдық қаржыгер және кәсіпкер. Pershing Square Capital Management хедж-фондының негізін қалаушы.

  • Бизнеске қаржы құямын деушілерге Билл мырза төмендегідей кеңес береді:
    Инвестор әрдайым мүмкін болатын шығынының мөлшерін шамамен болса да білу керек. Ол үшін барлық төнуі мүмкін қауіпті саралап, шамамен шешімін ойластыру керек. Сонымен қоса қауіп жоғары болған сайын, табыс табу мүмкіндігі де арта түсетінін ұмытпаған абзал. Сондықтан ең маңызды мәселелердің бірі ақша жоғалту қауіпін азайту. Осы мақсатта бірнеше қарапайым ережелер ұсынамыз.
    Сенімсіз стартапқа ақша салудың қажеті жоқ. Бірінші кезекте, компания қалай табыс табатының, сонымен қоса тұрақты кірісі қаншалықты екенін анықтап алған жөн. Екіншіден акцияның шынайы құнын білген дұрыс. Белгісіздікке ақша құю ақымақтық. Сонымен қоса ешқандай қауіп төніп тұрмаған компанияларға ақша салған дұрыс. Үшіншіден бірнеше акционер акциялардың бақылау пакетін ұстап тұрған команияға ақша салудың қажеті жоқ.
    Әсіресе үлкен қарызы бар компанияларға ақша салмаған дұрыс. Инвестицияға ең қолайлы компаниялар CocaCola, PepsiCo және Mc’donalds. Олардың қарыздары жоқ және болашақта ешнәрсе төнбейді.

Сергей Брин — американдық кәсіпкер. Есептеу техника, информациялық технология және экономика салаларындағы ғалым, миллиардер. Google іздеу системасын қалаушылардың бірі.

  • Осындай компанияны басқару, күйзеліске ұшыратады. Алайда бұл мен үшін спорт сияқты. Компаниялар алғашында өздерін жабық ұстауға тырысады, алайда уақыт өте қаншалықты ашық болса, соншалықты табысты болатындарын түсінеді.

Пит Кэшмо – Mashable-дің бас директоры

  • Блогтар дәуірінде біздің әрқайсысымызда ең үздік бизнесмендерден, ұстаздардан сабақ алу мүмкіндігіміз бар. Мәселен, мен блог арқылы Фред Уилсонның еншілес капиталдың мүмкіндіктері туралы білдім, Эдельманның арқасында сандық маркетингтің не екенін үйрендім, Шарлин Лидің көмегімен веб-трендтің мән-жайын анықтадым. Бүгінде аталмыш мамандар өз ойларын Twitter және Facebook-те жариялайды. Әлеуметтік желі көмегімен күнделікті өз ойларымен, ақыл-кеңестерімен, ұсыныстарымен бөліседі. Олар күнделікті бізге керемет кеңестер береді. Тек бақылап, ұғынсаңыз болды.

Бет Комсток маркетинг ісі бойынша директор, GE

  • Ұйымдастыра білу қабілетім мен жылдамдығымды өзімнің ең жақсы қасиеттерім деп білетінмін. Неғұрлым көп жұмыс атқарсам, соғұрлым өзімді мықты адамдай сезінетінмін. Жылдамдығымен және қарапайымдылығымен танымал болған Джеком Уэлчеммен бірге жұмыс істедім. Сол кездері өзімді ең үздік жұмыскер санайтынмын. Сондықтан ол мені шақырып тым жылдам екенімді айтқанда таңғалғанымды көрсеңіздер. Мен тізімге жазған барлық істі жылдам атқарып тастауға тырысатынмын. Алайда табиғатымнан бар ұстамдылық, ұяңдық, ұялшықтықың арқасында әріптестерімнің көзіне суық және дөрекі адам болып көрініппін. Барлық кездесулерді жылдамдық пен сәттілікке қана негіздеп жасайтынмын. Сонда Джек Уэлч маған: «Сіз жұмыс барысына сіңіп кетіуіңіз керек. Жаңа адамдармен танысуға уақыт табыңыз. Олардың кім, қайдан және олар үшін не маңызды екеніне мән беріңіз. Сөйлесіп тұрған адамыңыздың расымен де сізбен бірге тұрғанына көз жеткізіңіз»,-деді. Мен Джектің әрбір сөзін мұқият тыңдадым. Ол әрдайым қатты, әрі анық сөйлейтін. Бірақ, шынымды айтсам, сөздерін түсіну және әрекетке көшу үшін ұзық уақыт керек болды. Алайда нәтижесінде өзімнің бүгінгі сәттілігіме сол айтылған сөздер және әрекет себеп болды.

Адина АНАРБЕК «7»