БҚО-да «Bastau Бизнестің» әрбір үшінші қатысушысы өз ісін ашты

Фото: Atameken Business Channel

Алматы. 7 қараша. 7kun.kz — Ағымдағы жылы «Bastau Бизнес» Батыс Қазақстан облысында барлық 12 аудан мен Ақсай моноқаласын қамтыды. Қаржыландырылған жобалар бойынша БҚО Қазақстан бойынша бірінші орында.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының м.а. Ербол Едгенов: «Жоспарлы көрсеткіш бойынша оқытылғандар саны — 2071 адам. «Bastau Бизнес» жобасы шеңберінде бизнес ашқан қатысушылардың үлесі жалпы санының кемінде 20 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта оқытылған 1833 қатысушының 538-і 1,9 миллиард теңгеге қаржыландыру алды. Осылайша, Bastau жобасының әрбір үшінші қатысушысы өз ісін ашты. БҚО қаржыландырылған жобалар бойынша бірінші орында», —  деп атап өтті.

Іске асырылған жобалардың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға тиесілі, бірақ басқа бағыттардағы жобалар да бар.