Британдық инвесторлар Қазақстанда зауыт салу бойынша ойлануда

инвесторлар
Фото: unipack.ru

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысында балалар тағамын өндіретін зауыттың құрылысы әлі де инвесторлардың қарауында. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.

«Қазіргі уақытта United Green жобасы британдық компанияның қатысуымен жобалау сатысында тоқтатылды және оны әрі қарай іске асыру қарастырылуда», — деп түсіндірді ведомствода.

Бұл ретте британдық инвесторлар тағы бір жобаны жүзеге асыруға мүдделі екендігі айтылды. Сонымен қатар, басқарма ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта жоба алдындағы жұмыстар жүргізілуде.