Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bulbul онлайн радиосы ашылды

Bulbul онлайн радиосы ашылды

Қазақстанда Bulbul онлайн радиоcы жұмыс істей бастады. Бұл туралы радиожүргізуші  Қалдыбек Жайсаңбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

2 қазаннан бастап жұмыс істей бастаған онлайн радионың авторлары белгілі радиожүргізушілер Қалдыбек Жайсаңбай мен Әзімхан Ахмет. «Радионың ашылу мақсаты түркі тілдес елдерінің үздік әндерін бір арнаға тоғыстырып, ел-жұртқа таныстыру арқылы осы елдерді бір-біріне жақындастыру, мәдениеттерін байланыстыру, түп-тамырымыздың бір екенін насихаттау. Жат елдердегі қаракөз ағайындарымыздың мауқын басу үшін төл әндерімізді тарату» делінген радио сайтында. Тыңдарман радионы radio-bulbul.kz сайтынан тыңдай алады. Еске сала кетейік, Қазақстанда бұған дейін ne.fm онлайн радиосы іске қосылған еді.

Похожие материалы