БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналарының сомасы 800 млрд теңгеге жуықтады

БЖЗҚ
Фото: 24.kz

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың он айының қорытындысы бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы жарналарының сомасы 799,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға артты (688,5 млрд теңге). Мұндай деректерді ranking.kz ұсынды.

Бұл ретте салымдардың барлық түрлері бойынша ұлғаю байқалды.

Жарналардың көбею себептерінің бірі — халықтың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейінің өсуі. Мысалы, 2019 жылдың қаңтар–қазан айларында ерікті зейнетақы жарналары 287,3 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,9%-ға өсті. Бұл көрсеткіш 2018 жылы жалпы жарна сомасынан 11% артық (258,8 млн теңге).

Сонымен қатар, міндетті зейнетақы жарналары 16,5%-ға, 763,3 млрд теңгеге дейін, ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 9,1%-ға, 36,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің мөлшері 170,3 млрд теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда (143,4 млрд теңге) 18,7%-ға артық. 2018 жылы төлем сомасы 168,6 млрд теңгеге жетті.

Сондай-ақ, жыл басынан салымшылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық кіріс 551,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2019 жылғы қазанның соңындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары үшін соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 5,5% мөлшеріндеғі инфляция кезінде 8,0%-ға жетті. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 2,5%-ға тең болды.