Цеснабанк Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

106
Цеснабанк
Фото: 7kun.kz

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz – Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен премьер-министрдің бұрынғы орынбасары Ербол Орынбаев «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Б. Жәмішев ҚДБ-ін 2014 жылдың тамыз айынан бастап басқарады. Әр жылдары қаржы, өңірлік даму министрлігін басқарды, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы болды.

Е. Орынбаев Премьер-Министрдің орынбасары, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарды.

«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы: Шигео Катсу — Директорлар кеңесінің (ДК) төрағасы; Ербол Орынбаев — ДК мүшесі; Болат Жәмішев — тәуелсіз директор; Евгений Пан — ДК мүшесі; Дәулет Қабылбаев — тәуелсіз директор.

Белгілі болғандай, Назарбаев университетімен үлестес қазақстандық First Heartland Securities брокерлік компаниясы 6 ақпанда «Цеснабанк» АҚ жай акцияларының 99,5% бақылау пакетіне ие болды.

2018 жылдың күзінде «Проблемалық несиелер қоры» АҚ Цеснабанк-тен 604 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алды.

Ұлттық Банктің мәліметтері сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Цеснабанк Қазақстанның 28 банкі арасында активтер көлемі бойынша 4-ші орынды иеленді.