Coca-Cola

Coca-Cola................................................................

Coca-Cola — бұл 1886 жылдың 8 мамырынан бері The Coca-Cola Company өндіріп келе жатқан газдалған алкогольсіз сусын. Кока-кола 2006-2010 жылдары ең қымбат бренд болған (73,52 млрд доллар). Компания тарихы АҚШ-тың Атланта штатынан бастау алған.

John Pemberton, Джон Стит Пембертон
Джон Стит Пембертон

Оны американдық Конфедерация әскерінің бұрынғы офицері, фармацевт Джон Стит Пембертон шығарды. Аңызға айналған брендтің атауын Пембертонның бухгалтері Фрэнк Робинсон ойлап тапты. Ол Coca-Cola-ның каллиграфиялық жазуын бейнеледі. Содан бері логотиптің түрі өзгермеген.

Сусынның бастапқы рецепті мынадай: кока жапырақтарының үш бөлігіне тропикалық кола ағашының бір бөлігі. Қызығы, қазіргі Coca-Cola құрамында кока да, кола да жоқ, бірақ атауында бұл сөздер бар. Басында оның жүйке шалдығуына қарсы дәрі ретіндегі патенті болған. Бұл дәрінің ең алғашқы сатылған жері — Атлантадағы ең ірі қалалық Джекоб дәріханасы.

Алғашқыда жаңа өнімді күніне 9 адамнан ғана алып отырған. Сауда-саттықтан бірінші жылы түскен түсім 50 доллар болды. Ал сол жылы бұл сусынды жасауға 70 доллар жұмсалды, яғни бизнес пайда әкелмеді. Бірақ уақыт өте келе кока-коланың танымалдығымен бірге табыс та арта түсті. 1888 ж. Джон Стит Пембертон өз сусынының шығару құқығын сатты. Ал 1892 ж. бизнесмен Аса Григгс Кэндлер осы құқықты 2300 долларға сатып алып, әлі күнге дейін қызметін жалғастырып жатқан «The Coca-Cola Company»-дің негізін қалады.

Компанияның қаржылық-экономикалық көрсеткіштері (2013 жылдың қорытындысы бойынша алынған деректер)

Кока-Кола компаниясы, Кока-кола компаниясының табысы

Кока-кола компаниясының дамуы

1902 жылы 120 мың доллар айналыммен кока-кола Америкадағы ең танымал сусынға айналды.

1890-жылдардың аяғында қоғам кокаинге қарсы шықты. 1903 жылы Coca-Cola жаңа рецептке көшті, олар бұрынғыша кока жапырақтарын пайдаланды, бірақ оның құрамынан кокаин алынып тасталынды.

Роберт Вудроф,
Роберт Вудроф

1919 жылы компанияның иесі ауысады, Атлантадан шыққан банкир Эрнест Вудроф компания қожасы атанады. Ол компанияны 25 млн долларға сатып алады.

Төрт жылдан соң компания басшылығына Эрнест Вудрофтың ұлы келеді.

Роберт Вудроф компания дамуының тарихында аңыз адамға айналды. Ол компанияға 60 жыл жетекшілік етті!

Осы кісінің арқасында Coca-Cola қазіргі дүниежүзілік танымалдылыққа ие болып отыр.

Айта кететін жайт, 1894 жылдан бастап кока-коланы бөтелкелерде сатқан, ал 1955 жылдан бастап банкілерде өткізетін болған.

  • 1915 — дизайнер Эрл Р. Дин бөтелкенің 6,5 унциялық жаңа дизайнын жасайды. Осыдан кейінгі жылдары жаңа үлгідегі 6 млрд бөтелке шығарған.
  • 1916 — плагиат маркаларға қарсы («Candy Cola», «Fig Cola», «Cold Cola», «Koca Nola», «Cay-Ola») 153 сот ісі қаралған.
  • 1955 — сатылымға 10, 12, және 26 унция көлеміндегі бөтелкелер шықты.
  • 1982 — диеталық «Diet Coke» пайда болды.
  • 1988 — кока-кола КСРО нарығына келді.

Бүгінгі таңда кока-коланың басты қарсыласы — «Pepsi-Cola» компаниясы.

Кока-коланың жасалу жолы

Кока-кола дәмдеуіштерінің нақты формуласы қарапайым тұтынушыларға белгісіз, себебі бұл коммерциялық құпия. Формуланың түпнұсқасы Атлантадағы SunTrust Bank банкінде сақтаулы. Бір аңызға сүйенсек, формула компанияның екі басшысы үшін ғана қол жетімді, оның өзінде әрқайсысы тек бір жартысын көре алады.

2009 жылы түрік билігі мен Әулие Николай қоры өнімнің азық қоспаларының құрамында ұрғашы жәндіктерден алынатын кармин бояғышының болуына қатысты сот ісін қозғады. Бұдан жанжал шығады, себебі кей діндер (иудаизм, ислам) тағам ішінде жәндіктердің пайдаланылуына тыйым салады. Бірақ кейінірек кока-коланың ресми сайтында сусын құрамында карминнің бар екендігін жоққа шығаратын ақпарат жарияланды.

Кока-коланың денсаулыққа әсері

Кока-коланың ағзаға кері әсерін тигізетіндігі ресми расталған жоқ. Оны тек адам ішек-қарын жолдарының ауруларына шалдыққанда, асқынған және созылмалы гастрит кезінде, асқазан мен ұлтабар жарасы болғанда, ұйқы безінің ауруларында, өт айдаушы жолдар бұзылғанда және өзге патологиялық процестер кезінде ішпеген жөн. Сусамырмен ауыратындар кока-коладан бас тартуы тиіс, себебі оның құрамында қант бар. Бұған қоса, ағзада ортофосфор қышқылының (кока-кола құрамында бар) тым көп болуы кейде кальций тапшылығын және несеп тасының ауруларын тудыруы мүмкін.

250 мл кока-коланың азықтық құндылығы

Кока коланың құндылығыКока-коланың бағасы

Бүгінгі таңда Қазақстанда 0,33 көлемді бөтелкенің бағасы 120 теңгенің шамасында.

Кока-кола туралы қызықты мағлұмат

  1. Кока-кола тотты, шәйнектегі қаспақты, унитаздағы кірді оп-оңай жояды.
  2. Егер төмен калориялы кока-кола бөтелкесінің ішіне «Ментос» домалағын салсаңыз, ол фонтан атады.
  3. Кока-кола Олимпия ойындарына ең ұзақ мерзім (1928 жылдан бастап) демеушілік көрсетіп келе жатққа компания.
  4. 1931 жылы компания тапсырысы бойынша швед суретшісі Хэддон Сандблом Санта Клаусты алқызыл жүзді, қалың, сұр сақалды көңілді қарт түрінде бейнеледі. Бұған дейін бұл персонаж жайнақы қарт эльф ретінде қабылданған еді. Осылайша жаңа Санта Рождество және Жаңа жыл мерекелерінің танымал әрі сүйікті символына айналды.
  5. Кока-кола pH-ы — 2,8.
  6. Сонау 1904 жылы кока-коланың алғашқы жарнамалық тақтайшасы салынған. Сол тақтайша әлі күнге дейін Картерсвилл қаласындағы (Джорджия) өз орнында тұр.

Санта Клаус, Санта бейнесі