Дариға Назарбаеваның депутаттық қызметі мерзімінен бұрын тоқтатылды

ҚР Парламенті Мәжілісі 16 қыркүйек күні депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Оған себеп — экс-депутаттың ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалуы. Бұл туралы Мұхтар Тінікеев Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Дариға Назарбаева көптеген әлеуметтік жобалар жүргізді, Қазақстанның күрделі мәселелерін көтерді. Барлық әріптестер Дариға Нұрсұлтанқызына алдағы уақытта табыс тіледі», – деп жазды депутат.

Бұрын хабарлағанымыздай, 11 қыркүйек күні премьер-министрдің орынбасары қызметіне Дариға Назарбаева тағайындалған болатын. Ал, экс-вице-премьер Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды.