Алматы. 6 ақпан. 7kun.kz – Әділбек Жақсыбеков Цеснабанкті сатты.
Мәміле сатып алу-сату шарты бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі мақұлдаған негіздемелік келісімге сәйкес жүзеге асырылды. «First Heartland Securities» АҚ (бұдан әрі – FHS) өз міндеттемелерін орындау үшін алдын ала шарттар орындалғаннан кейін 70 млрд теңге көлемінде банкті капиталдандырады, делінген Ұлттық банк хабарламасында.
FHS First Heartland тобының бір бөлігі болып табылады, оған First Heartland Bank коммерциялық банкі және First Heartland Capital активтерін басқару компаниясы кіреді.
«Компанияның бағалы қағаздар нарығында 10 жылдық тәжірибесі бар, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» компаниялар тобының FHB еншілес банкі арқылы инвестициялық-қаржылық, сондай - ақ банктік қызметтер көрсетеді», - делінген хабарламада.
«Цеснабанк» АҚ-н сатып алған кезде, банктік бизнесті әртараптандыруға және инвестициялық, корпоративті және жекеменшік банктен бөлек, ШОБ, бөлшек сауда және сақтандыру сегментін жабуға мүмкіндік алады.
Қыркүйекте Үкімет пен Ұлттық банк Цеснабанктен 450 млрд теңге сомаға ауыл шаруашылығы несиелерінің портфелін сатып алуға шешім қабылдады.
Цеснабанк негізгі акционері Цесна қаржы холдингі (70,79%) болды, оның түпкі бенефициары Әділбек Жақсыбеков болып табылады, әр жылдары Индустрия және сауда министрі, Қорғаныс министрі, Президент Әкімшілігінің басшысы және басқа да жоғары лауазымды қызмет атқарған.
Цеснабанк агроөнеркәсіп саласын несиелендірді. «Сыртқы нарықтардағы қарқынды өзгеретін жағдайдағы қысыммен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржылық тұрақтылығы нашарлады. Бұл, өз кезегінде, банктің қаржылық тұрақтылығына әсер етті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде банк капиталына жаңа инвестор тартуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қосымша қолдау көрсету және оларды жеделдетіп қалпына келтіруге жағдай жасалды», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
«Цеснабанк» АҚ-ның одан әрі даму стратегиясын FHS акционерлері анықтайды», - деп атап өтті реттеуші.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024