Дмитрий Медведев: Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды

Медведев
Фото: politolog.net

Мәскеу. 3 тамыз. 7kun.kz — Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциясы Мәскеудің Вашингтонмен қарым-қатынасын жақсарту туралы үмітін үзгенін мәлімдеді.

«Ресейге толыққанды сауда соғысы жарияланды», — деді Медведев.

Оның пікірінше, санкция режимі ондаған жыл бойы сақталады және шектеу барлық саланы қамтитындықтан оны АҚШ президенті Конгрестің келісімінсіз өз бетімен жоя алмайды.

Енді Мәскеу мен Вашингтонның қарым-қатынасы конгрестің құрамы мен президенттің кім екеніне қарамастан өте шиеленісті болады. Дмитрий Медведев Ресей билігі экономика мен әлеуметтік саланы дамыту жұмыстарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

«Біз қиындықты еңсереміз», — деді премьер-министр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін АҚШ-тың жаңа салған санкциясы іс жүзінде ешнәрсені өзгертпейтінін айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп Ресейге қарсы санкциялар туралы заңға қол қойғанын хабарлағанбыз.

Дереккөз: turkystan.kz