Доллар 4 теңгеге қымбаттады

Доллар
Фото: 24newshd.tv

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 368,46 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (364,44 теңге / $1) ұлттық валюта 4,02 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 367,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 369,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 368,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 91 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 205.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 370,5 теңге, Алматыда – 371 теңге.

Ұлттық Банктің 21 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 364,95 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.