Доллар 8,69 теңгеге қымбаттады

2016 жылдың 3 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 377,96 теңге болды. Доллар 2 ақпандағы күндізгі сессиямен салыстырғанда 8,69 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, cәрсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 373,20 теңгені құрады. Максималды курс — 381,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 377,10 теңге болды.

Күндізгі сессияда сауда көлемі 40 млн 50 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 43.

2 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша 3 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 369,15 теңге болды. Ал ақша айырбастау орындарында доллар 379-380 теңгеден сатылып жатыр (Алматы уақытымен 11:00).

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Фото: dknews.kz