Доллар бағамы 331 теңгеге дейін төмендеді

теңге
Фото: ls.kz

Алматы. 4 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 7 тамыз доллардың орташа бағамы 331,55 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,80 тг, сауданың аяқталуы кезінде 331,80 тг болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 58 млн 950 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 116.

Ақша айырбастау орындарында 7 тамыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 335 теңгені құраған.