Доллар бағамы төмендеді

180
құрадарының
Фото: Бюро украинских новостей

Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 2 ақпандағы доллардың орташа бағамы 321,51 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 321,30 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 321,80, сауданың аяқталуы кезінде 321,71 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 41 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 149.

Ақша айырбастау орындарында 2 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 324 теңгені құраған.