Доллар бағамы 354 теңгеге таяды

106
доллар
Фото: finance.liga.net

Алматы. 25 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 353,64 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (352,90 теңге / $1)  ұлттық валюта 0,74 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 352,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 354,40 теңге, жабылу курсы бір долларға 354,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 17 млн 750 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 77.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 355 теңге, Алматыда – 356 теңге.