Доллар бағамы көтерілді

бағамы
Фото: kapital.kz

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 387,15 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (386,11 тенге/$1) ұлттық валюта бағамы 1,04 теңгеге арзандады. 

Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 388 теңге, Алматыда – 389,1 теңге болды.

Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы 1 доллар үшін 386,34 теңгені құрайды.