Доллар кешегі қалпын сақтап қалды

155
доллардың
Фото: forbes.org

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 24 мамырдағы доллардың орташа бағамы 325,50 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,20 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 325,90 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 325,70 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 68 млн 250 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 148.

Ақша айырбастау орындарында 24 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.10) Алматыда 328 теңгені құраған.