Доллар курсы 379 теңге деңгейінде тұр

доллар
Фото: wra-usa.com

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,89 теңгені құрады. 17 мамырдағы таңғы сессиямен салыстырғанда (378,77 теңге/$1) ұлттық валюта 0,12 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 82 млн 510 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 192.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 381 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.

Ұлттық Банктің 20 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 378,93 теңгені құрайды.