Доллар курсы өзгеріссіз

Фото: Kapital.kz

Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 желтоқсанда доллардың орташа бағамы 334,32 теңгені құрады. Бұл  туралы  биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 333,50 теңгені құрады. Жоғары курс – 335,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 334,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 114 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 172.

Ақша айырбастау орындарында 5 желтоқсандағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 11:20) Алматыда 336 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.