Доллар нығая түсті

теңге
Фото: kapital.kz

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 1 наурыздағы доллардың орташа бағамы 320,99 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 320,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 321,05, сауданың аяқталуы кезінде 320,97 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 42 млн 550 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 100.

Ақша айырбастау орындарында 1 наурыздағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.20) Алматыда 322,20 теңгені құраған.