Доллар қайта қымбаттады

14
Доллар
Фото: informing.ru

Алматы. 19 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 366,59 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (363,65 теңге / $1)  ұлттық валюта 2,94 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 365,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 367,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 366,90 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 46 млн 300 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 92.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 369 теңге, Алматыда – 369 теңге.