Доллардың бағамы төмендеді

бағамы
Фото: triboona.ru

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 374,77 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (375,56 теңге / $1) ұлттық валюта 0,79 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 374,15 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 375 теңге, жабылу курсы бір долларға 374,92 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 67 млн 50 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 172.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 376,5 теңге, Алматыда – 377 теңге.

Ұлттық Банктің 1 наурыздағы ресми бағамы 1 доллар үшін 374,96 теңгені құрайды.