Екі күндік құлдыраудан кейін доллар қайта нығайды

51
теңге
Фото: lsm.kz

Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан қор биржасынның (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,23  теңгені құрады.  Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ( 369,93 теңге / $1) ұлттық валюта 1,3  теңгеге әлсіреді.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,80 теңге деңгейінде болды. Ең жоғары – 371,65 теңге, жабылу курсы бір долларға  371,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 52 млн 900  мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 124.

Астананың айырбас пункттерінде  долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372,5 теңге, Алматыда – 373 теңге.

Ұлттық Банктің ресми курсы бойынша 1 доллар 370,04  теңге болды.