Алматы. 14 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгін Қазақстан қор биржасынның (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,23 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда ( 369,93 теңге / $1) ұлттық валюта 1,3 теңгеге әлсіреді.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,80 теңге деңгейінде болды. Ең жоғары – 371,65 теңге, жабылу курсы бір долларға 371,30 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 52 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 124.
Астананың айырбас пункттерінде долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372,5 теңге, Алматыда – 373 теңге.
Ұлттық Банктің ресми курсы бойынша 1 доллар 370,04 теңге болды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024