Экономика министрі: 2017 жылы ЖІӨ өсімі 2,5% болады

394
Фото:Kapital.kz

Астана. 13 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан үкіметі 2017 жылдағы ЖІӨ өсімін 1,7%-дан 2,5%-ға дейін өсірді. Бұл туралы үшжылдық бюджетті таныстыру кезінде ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. 

Оның сөзінше, ЖІӨ өсімі 2,5% құрайды. Оған мұнай бағасының көбеюі мен 2016 жылдағы нәтижелерді қайта есептеу себеп болады.

«Біз 2016 жылы бюджетті төмен деңгейде есептедік. Ал қазір мұнай бағасының көбейгенін, металл бағасының өскенін көргеннен кейін статистиканы қайта жасадық. Оның барлығы өсімге ықпал етеді», — деп атап өтті министр.