Экономикалық белсенділік сенімді өсуді көрсетті — Ақышев

белсенділік
Фото: Almaty Management University

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz – Экономикалық белсенділік сенімді өсуді көрсетіп отыр. Ол өндірістік сектордағы белсенділікке байланысты. Қаңтардың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7 пайыз болды, деп хабарлады Ұлттық банк.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев сыртқы нарықтағы және сауда әріптес елдердегі ахуал жағымды ретінде сипатталатынын атап өтті.

«Энергия ресурстарына әлемдік баға өсіп келеді. Ақпанның бірінші жартысында мұнайға баға белгіленімнің уақытша төмендеуіне қарамастан, орташа алғанда мұнай бағасы бір баррель үшін 65 доллардан жоғары деңгейде қалыптасты. Нәтижесінде, сыртқы сұраныс қалпына келіп, мұнай өндіру көлемі өсті», — деді Д. Ақышев.

Азық-түлікке әлемдік баға серпіні инфляцияның баяулауына ықпал етеді. ФАО азық-түлік бағалар индексі 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!