Елорданың атауын қайта өзгерту үшін қосымша қаражат қажет емес – Қаржы министрлігі

Нұр-Сұлтан. 13 қыркүйек. 7kun.kz – Елордаға бұрынғы атауы қайтарылған жағдайда қосымша қаражат қажет емес. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінде хабарланды.

Егер парламент елорданың бұрынғы атауын қайтару туралы шешім қабылдаса, мемлекеттік органдарға ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыру және бланк өнімдерін өзгерту керек болады. Бұл кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, деп түсіндірді министрлікте.

Ведомствода мұндай өзгерістерді мемлекеттік органдарды ұстауға жоспарланған қаражат аясында қарастыруға болатынын атап өтті. Оған қосымша ақша бөлудің қажеті жоқ.