Еңбекшіқазақ ауданында ауылшаруашылығын дамытудың ерекше кейсі

104
Фото: Қазақстандық баспасөз клубы

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Биыл  «Шелек фермерлерi» бағдарламасының іске қосылғанына бес жыл толды. Бағдарламаға қатыушылар бес жылдың табысты болғанын айтады.

Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қорының директоры Бақытгүл Елшібаеваның айтуынша бағдарлама арқасында фермерлер айтарлықтай табысқа жеткенімен мақтана алады.

«Ашық топырақта көкөніс дақылдарын өңдеуге арналған алаң екі жарым есеге артты: 2015 жылы ол 17 гектар ғана болған болса, 2019 жылы көкөністер 42 гектар жерде өсірілді. Сонымен қатар, көкөністерді өсіруге арналған 25-тен аса тәжірибе мен жаңа технология ендіріліп, бұл көкөніс сапасы мен өнімділігінің жекелеген жағдайларда 20%-дан 104%-ға дейін артуына әкелді. Біздің алған нәтижелеріміз фермерлерді ауылшаруашылық бизнесімен айналысып, өз ісін дамытудың жаңа көкжиегін көруге шабыттандырып отыр», — деді ол.

Фото: Қазақстандық баспасөз клубы

Жоба жүзеге асырылып жатқан жылдар ішінде жылыжайлардағы көкөніс дақылдарын өңдеу алаңы 25 есеге артқан.  Көкөністер делдалдарсыз тікелей «Арзан» және «МЕТРО Кэш энд Керри» супермаркеттеріне өткізіліп, фермерлердің табысын орташа есеппен 30%-ға арттырған. Өткізілген көкөністердің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда екі еседен астамға өскен. 2015 жылы 89 тонна көкөніс өткізілсе, 2019 жылы 32 млн. теңгеге тең 227 тонна көкөніс өткізілді.

«Фермерлер жылыжайда көкөністерді өсіру тиімді екеніне көз жеткізді, өйткені ауылшаруашылық маусымның уақыты ұзартылып, көкөністерді жыл бойы өсіруге болады. Биыл кооператив фермерлері өсіріліп жатқан өнімдердің ассортиментін кеңейтіп, көкөністерді қабылдау және сұрыптау пунктінің жұмысы ретке келтірілді. Сондай-ақ, жаңа өсірілген және салқындатылған өнімді жеткізуге арналған рефрижератор сатып алынды, бұл көкөністерді өткізу көлемін өткен жылмен салыстырғанда 30%-дан астамға арттырды», — дейді «Шелек фермерлері» Ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы Марат Мансұров.

Осы 5 жыл ішінде бағдарлама төмендегі нәтижеге қол жеткізген:

  • 4 365 ауыл тұрғыны Агробизнес орталығында оқудан, тағылымдаман және қосымша курстардан өтті.
  • 120-дан аса адам (отбасы мүшелерін қосқанда) жобаға қатысудан тікелей пайда алып жатыр.
  • Жаңа жұмыс орындары құрылып, бұл ауылдық елдімекендердегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әсер етіп отыр: маусым кезінде бағдарлама қатысушыларының даласында 150-ге жуық адам жұмыс жасайды.
  • Агробизнес орталығындағы телімде 5 биотенхология қолданылады (биогаздық қондырғы, күн панельдері, таспалы жылыжайлар, тамшылатып суару, күнмен суды қыздыруға арналған сплит-жүйе).

Айта кетейік, бағдарламаны «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының қолдауымен Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қоры жүзеге асырып жатыр. Бағдарлама жоспарлау және дәндерді себуден бастап, фермердің ақырғы кірісті алғанға дейінгі фермерлік шаруашылықты жүргізудің бүкіл сатыларын қамтиды.

Жоба аясында Алматы облысындағы Шелек ауылында Агробизнес орталығы ұйымдастырылып, оның базасында жергілікті фермерлер заманауи агротехнологияларға, ауыл шаруашылығындағы менеджмент пен маркетингке оқытылады. Фермерлер лек-лекпен, агроталшық арқылы, жабық топырақ астында, тамшылатып суаруды және басқа да озық технологияларды қолдана отырып көкөністерді өсіру технологияларын игеріп жатыр.

Анықтама: Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті қауымдастықтар қоры Алматы облысының азаматтарын жергілікті деңгейде қоғамдық жұмыстарға тарта отырып, Алматы облысындағы әлеуметтік маңызға ие мәселелерді шешумен айналысады. Ауыл тұрғындарын мәселелерді шешуге тарту үшін Қор қоғамдық деңгейде өзін ұйымдастыру тетіктерін дамытып, адами және қаржылай қорларды біріктіреді, бизнес пен жергілікті билікті ұйым қызметіне ат салысуға тартады. 10 жыл ішіндегі қызметі ішінде Қор 50-ге тарта әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС: Қазақстандағы «Филип Моррис Интернэшнл Инк.» үлестес компаниясы, оның тарихы «Алматы темекі компаниясы» АҚ-ны 1993 жылы сатып алудан басталды. Бүгінгі күні компания Қазақстанда сату және Орталық Азиның басқа да елдеріне экспортау мақсатында белгілі халықаралық брендтердің кең ассортиментін өндіреді, сондай-ақ, Қазақстанда IQOS темекіні қыздыру жүйесін жүзеге асырады.

«Филип Моррис Қазақстан» әлеуметтік бағдарламалары жайлы: «Филип Моррис Қазақстан» қайырымдылық бағдарламалары бірінші кезекте ауылдық елдімекендердегі тұрғындардың және мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сапасын жақсарту үшін білім беру және экономикалық мүмкіндіктерді ұсыну сынды аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған. Бағдрламалар тиімді бейкоммерциялық ұйымдармен серіктесе отырып жүзеге асырады және  кең қоғамдық мойындауға ие болды. Әртүрлі жылдары жобалар ҚР Діни істер және азаматтық қоғам министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің, Қазақстан Еуропалық бизнес қауымдастығының, Қазақстандағы Америка сауда палатасының марапаттарына ие болды. 2018 жылы «Әлеуметтік даму» аталымында The International CSR Excellence Awards тұңғыш халықаралық марапатын алды (The Green Organization халықаралық бейкоммерциялық ұйымы тағайындайды). 1993 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының әлеуметтік жобаларға бөлген бюджеті 8 200 000 АҚШ долларынан асты.