Қазақстанның ІІМ жеке басты куәландыратын құжат пен төлқұжаттардың дайындалуы мерзімін екі есеге қысқартты. Бұл жөнінде Алматы қаласының ішкі істер департаменті хабарлады.
"Ішкі істер министрлігі "ҚР азаматтарына төлқұжаттар, жеке куәліктер табыстау" туралы мемлекеттік қызметінің мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдады. Яғни, 30 күннен 15 жұмыс күніне қысқарту туралы жоба сынақтан өткізіледі", — делінген хабарламада. Полицияның мәлімдеуінше, 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құжаттарды жедел даярлау тәртібінің екінші және үшінші санаты жойылды. "Енді өтініш берілген күннен бастап құжаттың дайын болған күні арасындағы мерзім жедел дайындаудың бірінші санаты бойынша 4 жұмыс күнін құрайтын болады", — дейді Басқарма.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024