Еуразиялық банк басқармасының төрағасы ауысты

162
Еуразиялық
Фото: economic-definition.com

Алматы. 26 маусым. 7kun.kz — «Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесі Валентин Морозовты Банк Басқармасының төрағасы етіп тағайындау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы KASE-де жарияланған құжатта айтылған.

Құжатқа сәйкес Павел Логинов Банктің атқарушы органынан кетті. Ол Басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, «Еуразиялық банк» АҚ құрамы келесі тұлғалар кірді: Валентин Морозов, Сабыржан Бекбосынов, Иван Белохвостиков, Шухрат Садыров, Дина Катекова, Наталья Дружинина, Олег Печенкин.