Еуроның тамыз айындағы таза сатылым көлемі 72,3 млрд теңгені құрады

12
еуро
Фото: Prodengi.kz

Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz — Қазақстандағы ақша айырбас пункттеріндегі еуроның таза сатылым көлемі 72,3 млрд теңгеге жетті деп хабарлайды ranking.kz. 

Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 39,4 пайызға көп. Шілде айындағы нетто-сатылым көлемі 51,9 млрд теңгені көрсеткен. Ал маусымда еуро 57,7 млрд теңгеге айырбасталған.

Тамыз айындағы еуроның ресми орташа бағамы 411,1 теңгені құрады. Қыркүйекте 4,1 теңгеге қымбаттап, 428,3 теңгені көрсетті. Осылайша, евро төрт ай қатарынан өсімін жалғастырып жатыр.

Еуро сатылым көлемінің басым бөлігі Алматыға тиіселі. Алматыда таза сатылым көлемі 12,5 млрд теңге, одан кейінгі орында 5,4 млрд теңгемен Астана бар. Қарағанда облысы 1,7 млрд теңгемен үшінші орынға жайғасты.