Facebook Ресейде жыл соңына дейін бұғатталуы мүмкін

222
Facebook
Фото: ТАСС

Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz — Роскомнадзор басшысы Александр Жаров 2018 жылдың соңына дейін Ресейде аумағында Facebook-тің бұғатталуы мүмкін екенін айтты деп жазады «Известия». 

«2018 жылдың соңына дейін біз Facebook-ті тексерістен өткіземіз. Олар орындауы тиіс бірнеше пункт бар: Ресей азаматтарының деректерін Ресей аумағында локализациядан өткізу және тыйым салынған барша ақпаратты өшір. Олар біздің талаптарды айтылған мерзімінен кешіктіріп жатыр. Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса онда бұғаттау мәселесі туындайды»,-деді Александр Жаров.

Журналистердің Телеграмның бұғатталуына қатысты сауалына ол «Телерграмды терорристер қолданады» деп жауап берді.

Айта кетейік, 13 сәуірде Ресейде сот Телеграмды мемлекет аумағында бұғаттау туралы шешім шығарған еді.