Алматы. 19 желтоқсан. 7kun.kz — Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша Finbet букмекерлік кеңсесінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Аталған ұйымның лауазымды адамдары букмекер қызметімен қатар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан. Құмар ойындарға заңсыз ақша қабылдау Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылды",-делінген ведомство хабарламасында.
2019 жылдың 18 желтоқсанында кең көлемді арнайы операция жүргізілді: соттың санкциясымен Finbet букмекерлік кеңсесі жұмыс істеген 8 аймақта бір уақытта тінту жүргізілді.
"Заңсыз қызметтен түскен жыл сайынғы табыс шамамен 3 млрд теңгені құраған", - деді қаржы мониторингі комитетінде.
Ведомство ақпаратына сәйкес, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудағы күдіктілер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасып жатыр.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





