Fitch Қазкоммерцбанктің рейтингісін «BB–» дейін көтерді

371
жауапкершілікке
Фото: kapital.kz

Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Бүгін Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазкоммерцбанк («ҚКБ» немесе «банк») шетел және ұлттық валютада ұзақмерзімді эмитенттің дефолт рейтингісін («ЭДР») «CCC»-ден «BB–» дейін көтерді; банктің қысқамерзімді ЭДР «C»-ден «B» дейін көтерілді; тұрақтылық рейтингісі «f» дәрежесінен «b» дейін көтерілді; қолдау рейтингісі «5» дәрежесінен «3» дейін көтерілгені туралы хабарлайды. Банктің ұзақмерзімді және қысқамерзімді ЭДР бойынша болжамы – «Тұрақты». Бұнымен қоса, Fitch ҚКБ-ның бас құрылымының – «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ (Халық Банкі) рейтингісін растады. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлайды.

Fitch-тің бұл рейтингтік әрекеттері 2017 жылғы шілдеде Халық банкі ҚКБ-ның 96,81% жай акцияларын сатып алғаннан кейін және ҚКБ-ға 185 млрд теңге көлемінде қайта қаржы құйылған соң орындалды.

Сондай-ақ Fitch, «Қазақстанның Халық Банкі үшін топтың шоғырландырылған активтерінде ҚКБ-ның елеулі 40 пайыздық үлесін есепке ала отырып, сонымен қатар жаңа еншілес құрылымға қатысты бас банктің оны тікелей иемденуі, басқаруы және қадағалауы себебінен стратегиялық маңызы бар еншілес құрылымы ретінде жіктейтінін» хабарлады.

Осымен Fitch Халық Банкімен ҚКБ-ны сатып алу мәмілесінің нәтижесінде ҚКБ-ның рейтингісін жоғарылатқан үшінші халықаралық агенттік болды. Бұдан бұрын Standard&Poor’s және Moody’s Investors Service осындай рейтингтік әрекеттер қолданған еді. Осылайша S&P ҚКБ-ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингісін «B–»-тан «В+»-қа дейін көтерді, ал банктің қысқамерзімді кредиттік рейтингісі «В» дәрежесінде расталды. Сонымен қатар банктің ұлттық меже бойынша рейтингісі «kzB+»-тан «kzBBB–» дейін көтерілді. Рейтингтер бойынша болжам тәуелсіз рейтингке сәйкес «жағымсыз» дәрежесінде сақталды. Ал Moody’s агенттігі өз кезегінде ҚКБ-ның депозиттік рейтингісін «B3»-тен «Ba2»-ге дейін көтерсе, кредиттік рейтингісі «тұрақты» болмажымен «Caa2»-ден «B1»-ге дейін көтерілді.