Fortebank «Самұрық-Қазына»-ны 220 млрд теңгеге қаржыландырады

Fortebank
Фото: nebudetdolgov.ru

Алматы. 1 қазан. 7kun.kz – «СамұрықҚазына» ҰӘҚ» АҚ және «Fortebank» АҚ бұрын депозитте орналасқан сомасы 220 млрд теңге қаражатты облигацияға конвертациялау туралы келісті, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Тараптар бұл келісімді Елбасының экономиканы ұзақ мерзімді несиелендіру және қор нарығын дамыту бойынша іс-шараларды қабылдау тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасады.

Бұл келісімге сәйкес банк Қор тобын жалпы көлемі 220 млрд теңгеге паритетті негізде қаржыландырады. Оның ішінде Қорға 75 млрд теңге, «Қазақстан Темір Жолы» ҰҚ» АҚ 75 млрд теңге және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ 200 млн АҚШ долларына дейінгі көлемде қаржы қарастырылып отыр.

Қор «ForteBank»-тегі ахуал тұрақты және Банктің өтімділік деңгейі Қор тобына жарияланған көлемде қаржыландыруды ұсынуға мүмкіндік береді деп санайды. Бүгінде келісім аяқталу сатысында.