Фото: Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті

1195

Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz — Бүгін Алматыда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары мен Арменияның вице-премьері қатысқан екі ірі жиын өтті.  Бірі түске дейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұйымдастырған «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0» форумы.

Фото: 7kun.kz

Екіншісі бесінге қарай басталған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы. 7kun.kz форумнан ақпарат ұсынады. 

Фото: 7kun.kz

Күн тәртібінде 16 мәселе, оның 10-ы шағын құрамда талқыланды.
Сауда — экономикалық ынтымақтастық, Одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара сауда көлемін ұлғайту, экономиканың кейбір салаларында ықпалдастықты арттыру, сауда, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, салық пен кеден саласындағы заңдарды біріздендіру, сондай-ақ түске дейін талқыланған цифрландыру мәселесі де айтылды. 

Кеңейтілген құрамда 2018 жылдың ЕЭО мүше мемлекеттер арасындағы сауда келісімі, макроэкономикалық жағдай айтылып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету туралы ЕЭК Коллегиясының ұсынысы тыңдалды.

Фото: 7kun.kz Үкімет басшылары шағын құрамдағы талқылауға кеткен сәт. Министрлер де уақытты құры жібермеді

Жиынға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің үкімет басшылары мен ЕЭК Коллегиясының төрағасы қатысты.
Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

Фото: 7kun.kz

Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев сөзін қазақ тілінде амандасудан бастады. Айта кетейік, өткен жылы Ресей ЕАЭО төрағалық жасады. Оның айтуынша өткен жылдың 10 айында ішкі сауда 12% өскен. Сыртқы серіктестермен сауда 21% ұлғайған.

Фото: 7kun.kz Д.Медведев форумда

Отырыс соңында кедендік алымға нормативтік бөлініс, қазақстандық көмір экспорттаушыларды Ресейдің теңіз порттары арқылы тасымалдау, ЕАЭО цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру тетіктері, алкоголь өнімдерін реттеу жобасының келісімі мақұлданды.

Фото: 7kun.kz
Қазақстан тарапы үшін су тасымалы, көмір тасымалдау бағытында сәтті келісімге қол қойылды

Сонымен қатар одаққа мүше елдер арасында тұрақты кеңес беру, кеме қатынасы, жүк тасымалы үдерістерін ықшамдау, одақ елдерінің өзен, суларында жүк тасымалы кезінде туындайтын қатынасты реттеуге бағытталған құжатқа қол қойылды.

Фото: 7kun.kz
Арменияның Вице-премьері Мгер Григорян қол қоюда

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы сәуірдің соңы, мамырдың бас кезінде Армения астанасы Ереванда өтетін болды.

Фото: Азамат Құсайынов
Редактор: Таңшолпан Тарғынова, «7»