Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Бүгін Алматыда Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресейдің үкімет басшылары мен Арменияның вице-премьері қатысқан екі ірі жиын өтті. Бірі түске дейін ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұйымдастырған «Жаһандану дәуіріндегі цифрландырудың күн тәртібі 2.0» форумы.
[caption id="attachment_102264" align="aligncenter" width="954"] Фото: 7kun.kz[/caption] Екіншісі бесінге қарай басталған Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы. 7kun.kz форумнан ақпарат ұсынады. [caption id="attachment_102266" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kz[/caption] Күн тәртібінде 16 мәселе, оның 10-ы шағын құрамда талқыланды. Сауда - экономикалық ынтымақтастық, Одаққа мүше мемлекеттер арасында өзара сауда көлемін ұлғайту, экономиканың кейбір салаларында ықпалдастықты арттыру, сауда, энергетика, ауылшаруашылығы, көлік және логистика, салық пен кеден саласындағы заңдарды біріздендіру, сондай-ақ түске дейін талқыланған цифрландыру мәселесі де айтылды. Кеңейтілген құрамда 2018 жылдың ЕЭО мүше мемлекеттер арасындағы сауда келісімі, макроэкономикалық жағдай айтылып, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету туралы ЕЭК Коллегиясының ұсынысы тыңдалды. [caption id="attachment_102271" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kz Үкімет басшылары шағын құрамдағы талқылауға кеткен сәт. Министрлер де уақытты құры жібермеді[/caption] Жиынға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің үкімет басшылары мен ЕЭК Коллегиясының төрағасы қатысты. Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 2018 жылы жүзеге асқан жобаларға тоқталды. [caption id="attachment_102267" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kz[/caption] Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев сөзін қазақ тілінде амандасудан бастады. Айта кетейік, өткен жылы Ресей ЕАЭО төрағалық жасады. Оның айтуынша өткен жылдың 10 айында ішкі сауда 12% өскен. Сыртқы серіктестермен сауда 21% ұлғайған. [caption id="attachment_102268" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kz Д.Медведев форумда[/caption] Отырыс соңында кедендік алымға нормативтік бөлініс, қазақстандық көмір экспорттаушыларды Ресейдің теңіз порттары арқылы тасымалдау, ЕАЭО цифрландыру бойынша жобаларды жүзеге асыру тетіктері, алкоголь өнімдерін реттеу жобасының келісімі мақұлданды. [caption id="attachment_102272" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kzҚазақстан тарапы үшін су тасымалы, көмір тасымалдау бағытында сәтті келісімге қол қойылды[/caption] Сонымен қатар одаққа мүше елдер арасында тұрақты кеңес беру, кеме қатынасы, жүк тасымалы үдерістерін ықшамдау, одақ елдерінің өзен, суларында жүк тасымалы кезінде туындайтын қатынасты реттеуге бағытталған құжатқа қол қойылды. [caption id="attachment_102273" align="aligncenter" width="5472"] Фото: 7kun.kz
Арменияның Вице-премьері Мгер Григорян қол қоюда[/caption] Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы сәуірдің соңы, мамырдың бас кезінде Армения астанасы Ереванда өтетін болды. Фото: Азамат Құсайынов Редактор: Таңшолпан Тарғынова, «7»