5 қазан күні «Хабар» агенттігі жаңа маусымның тұсаукесер кешін өткізді. «Қазмедиа орталығында» өткен салтанатты кешке 200-ге жуық медиа, шоу-бизнес өкілдері, БАҚ басшылары мен өнер жұлдыздары қатысты. 

Қонақтарды күтуде

Кешке келген қонақтарды жағымды музыка «қарсы алды».

Қызыл кілем де жайылды

Ашылу салтанатының құрметті қонақтарының қатарында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі, «Хабар» агенттігі АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дәурен Абаев та болды.

«Хабар» агенттігі АҚ Басқарма төрайымы Алмагүл Ахметжанова және Басқарма төрайымының орынбасары Ринат Кертаев бастаған ұжым қонақтарды қарсы алды.

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина жаңа маусымда «Ана мен бала» атты бағдарламаны жүргізеді.

«Қазақстан» телеарнасының басшысы Ерлан Қарин де құрметті қонақтар қатарында

Серік Ақышев жаңа маусымда «Миллион кімге бұйырады?» бағдарламасын қайта басталатынын айтты.  Көрерменнің сүйікті бағдарламасымен қайта қауышады.

Ең көңілді бағдарлама «Қызық таймс» жаңа маусымда жалғасын табады. Бағдарлама жүргізушісі Марат Оралғазинге қарағанда, «Хабардың» ең белсенді тележүргізушілерінің бірі Нұрсұлтан Құрман бұған көбірек қуанатын сияқты.

Қазақстандағы ең әдемі журналистердің бірі және «Хабар» қызметкері Майя Бекбаева

Белгілі тележүргізугі Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі әнші Мейрамбек Беспаев сұхбат беруде

«Егемен Қазақстан»  АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі тұсаукесер кешіне жақсы көңіл-күймен келді

Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Қазақпарат» агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Омаров, белгілі сазгер Ринат Гайсин, Атамекен бизнес телеарнасының директоры Юлия Валиахметова да жаңа маусымның ашылуына қатысып, сәттілік тіледі.

Кеш осылай басталды

Кеш қонақтары

«Хабар», «Хабар 24», «Ел арна» мен «Kazakh TV» арналары осылайша жаңа маусымын ашты. Сәттілік!

Дереккөзі: khabar.kz