Франция Египетке құны 5,2 млрд еуро болатын 24 «Рафаль» ұшағын жеткізеді

455
Франция Египетке құны 5,2 млрд болатын 24

Француздық Dassault Aviation компаниясының басшысы Эрик Траппье Египетке 24 көпбағытты «Рафаль» жойғыш-ұшақтарын жеткізу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы париждік «Экспресс» журналы хабарлайды.

Каирдегі келісім-шартқа қол қою кезінде Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси  және Францияның қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан болды. Француздық БАҚ-тың жазуынша  өзара келісім құны 5,2 млрде еуро деп бағаланып отыр.