Геннадий Головкин жеке интернет-дүкенін ашты

539

Астана. 2маусым. 7kun.kz — Кәсіби боксшы Геннадий Головкин интернет-дүкен ашты. Ол жерден әзірге бейсболка, футболка және жейде сатып алуға болады. Дүкеннің ашылғаны жөнінде спортшы өзінің Instagram парақшасында жария етті.

«Менің #GGG атты жеке дүкенімнен мына мекен-жай бойынша shopggg.com заттар сатып алуға болады», – деп жазды Геннадий Головкин.
Интернет-дүкеннің сайтында бүгінгі үш түрлі зат қана бар: бейсболка, футболка және жейде. Футболкалардың 12 түрі бар. Бағасы — 30 АҚШ доллары. Ал GGG жазуы бар кепкалар сәл қымбатырақ — 35 доллар тұрады. Дүкендегі ең қымбат тауар — жейде. Оны 60 долларға сатып алуға болады.
«Геннадий Головкиннің әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерінің барлығына қолжетімді болуы үшін осы дүкен ашылып отыр», – делінген сайтта.
Геннадий Головкин WorldBoxingNews басылымы жасаған рейтингте әлем бойынша үздік төрт боксшының ішіне енген.