Gmail-да хаттың жіберілуін болдырмау функциясы пайда болды

Хат жіберу барысында Gmail поштасының қолданушылары «болдырмау» функциясын қолдана алады. Яғни, хатты жібергеніңіз келмей қалғанда кері қайтара аласыз. Бұл функцияны Google компаниясы соңғы алты жыл ішінде тестілеуден өткізіп келді.

«Хат жіберуді болдырмау» функциясы Gmail-дың тек қана веб-интерфейсінде ғана бар.

Оны қосу үшін оң жақ жоғарғы бұрышта тегершік бейнесінің үстінен басып «Баптауларды» таңдау керек. «Жалпы» қосымша бетінде «Хат жіберуді болдырмау» тұрады. Бұл функцияны қосу үшін «Хат жіберуді болдырмау функциясын қосу» дегенді таңдау керек.

Осы жерде болдырмау уақытын да таңдай аласыз: үнсіз келісім бойынша 5,10 секунд немесе 20, 30 секунд.

Жаңа функцияның мақсаты — қолданушының хатты жіберуден айнып қалған жағдайда немесе өзгертулер енгізетін болған кезінде болдырмау.

Аталған уақыт өткен соң хатты кері қайтару мүмкін емес.