Халықаралық банк Қазақстандағы ЖІӨ өсіміне қатысты болжамды төмендетті

643

Халықаралық банк (ХБ) 2015 жылы Қазақстандағы экономикалық өсім 1,3% ғана өседі деген мәлімдеме жасады.

«Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 2015 жылы минимум ғана жоғарылайды, кейінірек қалпына келеді. Бағалау бойынша, 2015 жылы өсім 1,3% құрайды. Кейінірек 2016 жылы 2,8% және 2017 жылы 3,9% жоғарылайды», — делінген баяндамада.

Қаңтар  айындағы есеп кезінде банк елдегі экономикалық өсім 1,8%, 2016 жылы 3,2%, 2017 жылы 4,7% болады деп болжамдаған еді. Ал өткен жылдың маусым айындағы баяндамада 2015 жылы 5,9%, 2016 жылы 6% көбейеді деп хабарланған.
«Экономикалық перспективалар кедергілерге тап болды. Мұнай бағасының өзгеруі мен Қытай және Ресейдегі экономикалық жағдай Қазақстанға да әсер ететін болады», — деп түсіндірді мұны банк мамандары.

«Салық-бюджет саясаты 2016-2017 жылдары қалпына келуі қажет. Ұлттық қорда қажетті қаржы болғандықтан жалпы мемлекеттік қарыз тұрақты түрінде қалады. Сыртқы қысымға қарсы ақша-несие саясатына түзету енгізілуі мүмкін», — деп атап өтілген құжатта.

Экономика министрлігінің бағалауынша, 2014 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 4,3% өсті. Келесі жылы 1,5% ұлғаяды деген болжам жасалып отыр.